ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанның бірнеше облысында жол жабылды

Жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды 

Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«05.02.2021 ж. сағат 19:45-те Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты (көктайғақ) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа төмендегі автомобиль жолдарында шектеу енгізілді», - делінген хабарламада.

1. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымында Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралағындағы учаскеде.

2. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаскеде.

3. «Жезқазған-Петропавл» автожолының 552-540 шақырымында Сұрған мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаскеде.

4. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымында Жақсы мен Бұзылық ауылдары аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа сағат 20.30-дан бастап шектеу енгізілді.

5. «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1114 шақырымында Атбасар қаласы мен Жалтыр станциясы аралығындағы учаскеде. 

6. «Көкшетау-Атбасар» автожолының 48-184 шақырымында  Атбасар қаласы мен Зеренді ауылының аралығындағы учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.