$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2021, 21:27
Жаңалықтар

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, жел соғады

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

6-9 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. 8-9 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 7-9 ақпанда кей жерлерде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 7-8 ақпанда желдің екпіні – 23-28 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні – 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары