ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

СҚО-да ауыл мектебінің өкілдері ресми сайтында жалған сурет жариялаған

91 оқушысы бар мектептің сыртқы келбеті фотошопта өзгертілген

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысынында ауыл мектебінің өкілдері ғаламтордағы ресми сайтында жалған сурет жариялаған. Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Шөптікөл ауылының білім ордасы осының кесірінен дау-дамайға ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

91 оқушысы бар мектептің сыртқы келбеті фотошопта өзгертілген көрінеді. Онда мектепке биік көк шатыр салып, әйнектері де жаңарып шыға келген. Бірақ, кіреберістің үстінде төніп тұрған баспалдақты алуды олар жөн санамаса керек. Құпияға толған фото тұрғындардың назарына ілігіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға салынды. Жергілікті билік өкілдері ғаламторда мектептің жобасы жарияланған деп ақталды. Айтуларынша, шатырға жөндеу жұмыстары шын мәнінде жасалған, бірақ көк жабындымен қапталмаған екен. 

«2020 жылы біз мектептегі күрделі жөндеу жұмысының жобалық сметалық құжаттамасын әзірледік. Оның аясында мектептің әйнектері, есіктерін ауыстыру, қабырғаларын сырлау, жылу жүйелерін және шатырын жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Жоба құны 156 миллион теңге. Қазір бұл құжат білім басқармасында қаралып жатыр», - дейді СҚО Ғ.Мүсірепов ауданы білім бөлімінің басшысы Эльмира Қарабаева.

Мектептің ресми сайтында орналастырылған фото осы жобаның эскизінен алынған. Жалпы, былтыр мектептің жұмсақ жабындысы 9 миллион теңгеге жөнделген