Зейнетақы жинағымен ипотеканың ай сайынғы төлемін өтеуге болады
Сондай-ақ қазақстандықтар бұрын төленбей қалған ипотека қарызын да жаба алады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының артылған бөлігін ипотека қарызын және ай сайынғы төлемді төлеуге қолдана алады. Бұл туралы Отбасы банк мамандары мәлімдеді, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі«Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Яғни, шекті мөлшерден артылған ақшаны ипотека қарызының бір бөлігін жабуға немесе алдағы бірнеше айдың төлемін төлеуге болады. Сондай-ақ қазақстандықтар бұрын төленбей қалған ипотека қарызын да жаба алады.
«Ережеге сәйкес займ бойынша қарызды толықтай немесе бір бөлігін ғана жабуға болады. Негізгі қарыз немесе сыйақы мөлшерлемесі десек, қазақстандықтар өз жинағын осы қарызды жабуға пайдалана алады. Сондай-ақ бекітілген ережеге сәйкес бірреттік зейнетақы төлемін шектеусіз алуға болады. Яғни белгілі бір уақыт аралығында бірнеше рет пайдалана алады», - деді «Отбасы банкі» АҚ департамент директоры Рахиля Балтабаева.