ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

4 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Бейсенбі күні қар, көктайғақ, тұман болады

Фото: ашық дереккөзден

Бейсенбі күні елімізде қар жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады, жел күшейеді, сонымен қатар ауа температурасы жоғарлайды. Ал республиканың оңтүстік бөлігінде күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, желдың жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді,

Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.