ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Еліміздің бірнеше облысында жол жабылды

Жолдар ауа райының бұзылуына байланысты жабылды

Фото: ашық дереккөзден

3 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райы жағдайының бұзылуына (боран, тұман, көктайғақ болуына) байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сондай-ақ, 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымында - Павлодар облысы мен Семей қаласының шекарасында кез келген көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

Ақмола облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін сағат 19.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» бағытындағы автожол, «Екатеринбург - Алматы» бағытындағы автожол және «Жақсы - Есіл - Бұзылық» тасжолы жабылды. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды обылысындағы «Қызылорда - Павлодар» тасжолы да жабылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды.

Тегтер: