Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды
Дегенмен, сауда үйлері жексенбі күні жұмыс істемейді
Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін ұзартты,деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік және шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Сонымен 2021 жылғы 2 ақпандағы жаңа қаулыға сәйкес бизнес-орталықтар, іскерлік үйлер, сондай-ақ оларда орналасқан объектілер жексенбіден басқа, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жұмыс істей алады.
Сенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жұмысын жандандырады. Бір келушіге 4 м2 есебінен аспайтын, толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтаған кезде бұл объектілер жексенбіден басқа, яғни жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.