$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 23:59
Жаңалықтар

Атырауда 900 млн теңгеге салынған полиция бекеттері бос тұр

Бұл бекеттер күшейтілген карантин кезінде блок-бекет ретінде пайдаланылды

Атырауда 900 млн теңгеге салынған полиция бекеттері бос тұр
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда әрқайсысы 300 млн теңгеден астам қаржыға салынған 3 полиция бекеті бос тұр. Оны күтіп ұстау жұмыстарын, енді қала әкімдігі сенімгерлік басқаруға беруге тырысуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

2018 жылы ғана салынған екі қабатты нысандардың жылыту қазандығы мен трансформаторы бөлек. Бейнебақылау камерасы да, көлік тұрағы да бар. Алайда аймақ кәсіпкерлері бұл нысандарға қызығар емес. 

«2 рет шығардық. Телефон соғып, хабарласып сұраушылар бар. Екі-үш адам сұрады. Алайда, тендерге шығарылған уақытта ешкім қызығушылық танытпай отыр. Сол себепті үшінші рет шығарып отырмыз», - дейді Атырау қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің орынбасары Гүлхан Ғалымжанова.

Қызықпаудың да бірнеше себебі бар сияқты. Шенділер кәсіпкерлерге нысанның барлық шығынын көтеріп қана қоймай, төтенше жағдай бола қалған жағдайда 24 сағат ішінде босатып беруді талап етіп отыр. Оның үстіне ғимараттан көрген жылдық пайдасының белгілі бір бөлігін қала қазынасына беруді міндеттейді. Қомақты қаржыға салынған заманауи ғимаратты жергілікті полиция пайдаланып та үлгерген жоқ. ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерін жүзеге асыру жоспары аясында, 2019 жылы бекеттерді жаппай алып тастаған еді. Айта кетейік, бұл бекеттер өткен жазда күшейтілген карантин кезінде блок-бекет ретінде пайдаланылды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Атырау #полиция