$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.02.2021, 23:28
Жаңалықтар

Қазақстанда дәрілік заттар бір жыл ішінде 10 пайызға қымбаттаған

Маңғыстау облысында фармацевтикалық препараттардың бағасы 24,3%-ға өскен

Қазақстанда дәрілік заттар бір жыл ішінде 10 пайызға қымбаттаған
Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылы елдегі фармацевтикалық препараттар бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,9%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша дәрілік заттар бағасы Маңғыстау облысында қамбаттырақ екені анықталды. Мұнда фармацевтикалық препараттардың бағасы 24,3%-ға өскен. Бұл көшті Павлодар облысы (16,3%) және Ақтөбе (14%) облыстары жалғастыруда.

Ал дәрілік заттар ішінде қатты қымбаттағандар антисептикалық құралдар (33,1%) мен дене қызуын түсіретін дәрілер (16,9%). Бүйрек ауруларына арналған дәрілік препараттар бағасы 11,9%, антибиотиктер - 8,4%, асқазанға арналған дәрілер - 7,1%, анальгетиктер - 6,2%, дәрумендер - на 5,8%-ға қымбаттады. 

«Флемоксин Солютаб» антибиотигінің бағасы өткен жылдың желотқсан айында ел дәріханаларында 2,4 мың теңгеден, жөтелге қарсы «Бронхикум-С» 1,4 мың теңгеден сатылды. «Мульти-табс Классик» дәрумендер жиыны - 2,4 мың теңгені құрады.

«Корвалол» (15 мл) бағасы 182,1 теңгенінің айналасында болды. Демек бір жыл бұрыңғы бағамен салыстырғанда 2,1 есеге өскен. Ал мақтаның бағасы 23%-ға өсіп, 305 теңгеге жеткен.

Өткен жылы елде 138,3 млрд теңгенің фармацевтикалық заттары өндірілді. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 50,3% артық. Ал дәрілік заттар өндірісі 55,9%-ға артық, былтыр 127,2 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі өндірілді.

Серіктес жаңалықтары