Қазақстанның үш өңірінде ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy
28.11.2019, 21:09

«Қазгидромет» РМК Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

29 қарашада Атырау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Осы күні Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан соққан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы ытимал. Ескертудің дөп келу ықтималдығы 85-90%. 

29 қарашадан 1 желтоқсанға дейін Қызылорда облысының кей жерлеріне тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, үш күн бойы жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Ескертудің дөп келу ықтималдығы 95-100%. 

29 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, оңтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с-ке жететін жел еседі. Осы күні түнде Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 18 м/с болуы мүмкін. Ескертудің дөп келу ықтималдығы 90-95%.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Синоптиктер елорда мен тағы жеті өңірде дабылды ескерту жариялады
Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды
БҚО-да қызмет бабын асыра пайдаланған прокуратура қызметкері сотталды

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді