$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2019, 21:52
Жаңалықтар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының 80%-ы талаптарға сай келмейді

Қазақстанда үш жарым мыңнан астам қоқыс полигоны болса, соның ішінде экологиялық, санитарлық талаптарға сай келетіні 20 пайызға да жетпейді

Қазақстандағы қоқыс полигондарының 80%-ы талаптарға сай келмейді
Фото: ашық дереккөздер

Елімізде 2020 жылдан бастап полигонға тамақ және құрылыс қалдығын төгуге тыйым салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Ал, бүгінге дейін жиналып қалған 120 миллион тонна тұрмыстық қатты қалдық қайда кетеді? Экология министрлігі осыған жауап таба алмай отыр. Себебі, қоқыстарды қайта өңдеуге, тиімді пайдалануға қауқарсыз. Бұлай кете берсе Қазақстан көп ұзамай қоқыс алаңына айналуы мүмкін. Мәселені шешуде сенаторлар қандай жол ұсынады? 

Қазақстанда үш жарым мыңнан астам қоқыс полигоны болса, соның ішінде экологиялық, санитарлық талаптарға сай келетіні 20 пайызға да жетпейді. Оның үстіне басым бөлігі толған, қызмет көрсету мерзімі өтіп кеткен. Экология министрлігінің оған қарсы ойлап тапқаны – полигондарды ғарыштан бақылау. Сондағы суреттер арқылы биыл заңсыз қоқыс жиналған 10 мыңға жуық нысанды анықтаған.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша 9 628 заңсыз қалдық тасталған орынды таптық. Әзірге анықталған заңсыз қоқыстың 23 пайызы ғана жойылды. Ең көбі Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, яғни  заңсыз қоқыс алаңы бар. «Жасыл экономикаға» бет бұрған Қазақстан алдағы 30 жылда қоқыстардың жартысын қайта өңдеуі тиіс. Бірақ бұл межеге қол жеткізе аламыз ба, белгісіз. Қазірдің өзінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мен қайта өңдеу үлесі мардымсыз, 13-ақ пайыз. Әсіресе өңірлердің үлесі аз», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы Әсем Жайсаңбай.

Экология министрлігі енді жаңа жобаны қолға алмақ. Полигондарда жиналған 120 миллиондай тонна қоқысты өртеп, одан энергия алуды көздеп отыр. Жоба бойынша алты қоқыс өртейтін кешен салу қарастырылған.

«Қазақстанда қоқыс өңдеу секторын дамытқысы келетін инвесторлар көп. Қазір біз өртелген қоқыстан алынатын электр энергиясының бағасын талқылап жатырмыз. Сингапур, Германия, Испания сияқты елдерден инвесторлар келді, бағаны аукционға саламыз. Егер бағаны төмен ұсынса, сол инвестор өз қаражатына зауыт салады», - дейді  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#қоқыс