30.10.2025, 10:46
Оқиғалар
Астанада Ержан Бабақұмаров қаза тапты
Қайғылы жағдай түнде болған
Фото: премьер-министрдің баспасөз қызметі
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», - деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.
Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болған.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды