$ 530.15  617.47  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында төбелес кезінде бозбаланы сыныптасы пышақтап кетті

Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облысында төбелес кезінде бозбаланы сыныптасы пышақтап кетті
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында полиция қызметкерлері Шалқар қаласының кәмелетке толмаған тұрғынына пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленуші Шалқар аудандық ауруханасына жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Күдікті тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Күдікті профилактикалық есепке қойылып, оның ісі аудан әкімдігі жанындағы комиссияда қаралатын болады.

Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-аналарының жауапкершілігі қарастырылуда», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары