1 ақпан күнгі ауа райы болжамы

Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде тұман, жел, көктайғақ болады

1 ақпан күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

1 ақпан күні Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, жел күшейіп, көктайғақ болады. Республиканың қалған аймақтарында көбіне жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші - 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел қарқыны 23 м/с дейін күшейеді. Күндіз боран соғады.

Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.