$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.01.2021, 11:15
Жаңалықтар

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары, базарлар мен кинотеатрлар жұмысы тоқтайды

Жаңа қаулы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді

Алматыда демалыс күндері сауда орталықтары, базарлар мен кинотеатрлар жұмысы тоқтайды
Фото: ашық дереккөзден

Алдағы дүйсенбіден бастап Алматы қаласында карантин талаптары қайтадан күшейтіледі. Адамдар көп жүретін сауда орталықтары қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бірінші ақпаннан бастап Алматыда демалыс күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмысы тоқтатылады. Бүгін жарыққа шыққан қаулы негізінде жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің және жабық базарлардың жұмысына күндізгі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін рұқсат етіледі. Ал сенбі мен жексенбі күндері мұндай орталықтардың жұмысына тыйым салынады.

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің 28 қаңтар 2021 жылы  №2 қаулысына сәйкес Алматы қаласындағы коронавирустың инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар:

  • Супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендерінің және ірі сауда объектілері ғимаратында оқшау орналасқан дәріханалардың тұрақты режимде жұмыс істеуіне рұқсат, толымдылық деңгейі 30% -дан аспайды.
  • Жабық (азық-түлік, азық-түлік емес) базарлардың жұмысына сенбі мен жексенбі күндері тыйым салынады, ал жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат;
  • Мәдениет нысандарыны, кинотеатр, театр жұмыстарына тыйым салынады;
  • Балалардың ойын алаңдары, аттракциондар және букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады;
  • Қоғамдық тамақтану орындары ертеңгі сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін толымдылығы 50 пайыздан астпайтындай тұтынушымен қызмет етеді;

Бұл қаулы 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары