26.01.2021, 14:25
Жаңалықтар
Қазақстандық вакцинаны салдырамын - Тоқаев
QazCOVID-in тұрғындарға наурыз айынан бастап қолжетімді болады
Фото: ашық дереккөзден
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинаның қазақстандық үлгісін салдыратынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
«Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесін күтеміз. Бұл жағдайда мен қазақстандық вакцинаны салдырамын. Нәтиже оң болады деп үміттенемін», - деді Президент.
Жаппай егу елімізде 1 ақпаннан басталады. Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинамен алғаш егілгендердің бірі ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов болды. Сондай-ақ, вакцина қабылдаған еріктілер қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бар.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды