$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2021, 10:46
Жаңалықтар

Бұрынғы Энергетика вице-министрі ақталып шықты

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты оны кінәсіз деп таныды

Бұрынғы Энергетика вице-министрі ақталып шықты
фото: Green Bridge

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаға қатысты ақтау үкімін шығарды. Қазыбек би ауданының судьясы Жанат Егембердиева оны Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәсіз деп таныды. Бұл туралы KazTAG хабарлайды. 

«Бас прокурор (Қайрат Қожамжаров – ред.) Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысына менің 215 миллион теңге ұрлыққа қатысы барын жариялады. Ол менің тікелей қатысым барын мәлімдеді. Ол мұны дәлелдеу міндетін өз мойнына алып, осылайша толықтай тергеу объективтілігін жоғалтты. Бастапқыда айыптау әдісі болған. Барлығы маған айтарлықтай зиян келтіру мақсатында әдейі жасалды. Дәлелдерді бұрмалау фактілері бар. Тергеу-жедел тобы мүшелерінің, атап айтқанда Иманғалиевтің және басқа да бірқатар қызметкерлердің әрекеттерінде заңбұзушылықтар болды. Прокурорлар Тоқамбаев пен Жантөреев менің құқығымды бұзды», - деді Шкарупа сотта.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында бұрынғы Энергетика вице-министріне қатысты миллиондаған доллар жымқыру туралы қылмыстық іс қаралып, прокурорлар Энергетика министрінің бұрынғы орынбасары Анатолий Шкарупаны 10 жылға, ал «Тұрғын үй құрылысын дамыту қорының» бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының экс-директоры Ерлан Нәбиевті 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Аталмыш тұлғалар Сарань қаласында жылу есептегіштерін орнатуға арналған бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

2018 жылы бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту қорының басқарма төрағасы Қайсар Байдалы Қарағанды облыстық соты қаулысымен үйқамаққа алынды. Олармен қоса, кәсіпкер Ерлан Нәбиев те ұсталған болатын.

Серіктес жаңалықтары