Коронавирусқа қарсы екпе алған әлемдік көшбасшылар мен танымал тұлғалар

Бүгінде бірқатар елдің басшылары COVID-19-ға қарсы вакцина алып үлгерген

Коронавирусқа қарсы екпе алған әлемдік көшбасшылар мен танымал тұлғалар
Фото: ашық дереккөзден

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бүгінгі таңда әлем бойынша көшбасшылар мен танымал тұлғалардан кімнің коронавирусқа қарсы екпе алғанын атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ-та жаңадан сайланған президент Джо Байден вакцина алған. Ол 78 жаста және тәуекел тобына жатады. Байденге Pfizer және BioNTech вакцинасы егілді.

Гвинея Президенті Альфа Конде «Спутник V» вакцинасымен егілген елдің алғашқы көшбасшысы.

Аргентина президенті Альберто Фернандес Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасады. Президентке дейін Буэнос-Айрестің Денсаулық сақтау министрі Даниэль Голлан вакцинацияланды.

Венесуэла президентінің ұлы Николас Мадуро Герра Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді.

«Түркия президенті Режеп Ердоған СoronaVac қытай препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Алғашқы егуді Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин кожа жасатты.

Ал Ватиканда 84 жастағы Рим Папасы Франциск пен 93 жастағы Рим Папасы Бенедикт XVI Pfizer вакцинасымен егілді», - дейді ВАК өкілдері.

Актер және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Pfizer және BioNTech вакцинасымен коронавирусқа қарсы егілді. Сондай-ақ, америкалық деректі кинорежиссер Оливер Стоун Ресейде өндірілген «Спутник V» коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина жасатты.

Елімізде жоғары лауазымды 19 тұлғаға, оның ішінде Қорғаныс министріне де екпе салынды.

«Жалпы, Қазақстанда коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны алғашқылардың бірі болып ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алды. Сондай-ақ, еріктілердің қатарында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев вакцина алды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.