ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбелік оқушы «ақылды маска» ойлап тапты

Жас өнертапқыштың жобасы халықаралық байқауда бірінші орын иеленді

 

Ақтөбеде оқушы «ақылды маска» ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Бетперденің ерекшелігі – қоршаған ортадағы зиянды қалдықтарды сүзгіден өткізіп, адамның таза ауамен тыныстауына мүмкіндік береді. Екі қабаттан тұратын бетперде ауадағы газды анықтап талдайды. Екінші қабаты ағзаға лас заттар мен вирусты тежейді. Масканы ультракүлгін сәуленің көмегімен тазалап, қайта қолдануға болады.

Жас өнертапқыштың жобасы халықаралық байқауда үздік деп танылып, бірінші орын иеленді. Авторы – Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев.

«Ауа құрамындағы көмірсутегі концентрациясын анықтап, ол концентрацияның қаншалықты жоғары болуына байланысты сигналдардың жиілігі көбейіп, адамға арнайы сигналдар береді. Осы сигналдар адамды қауіпті жағдайлардан сақтайды», - дейді физика-математикалық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Арман Жалғасбаев.