25.01.2021, 05:42
Жаңалықтар
Қарағандыда тәулігіне 10 мың қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды
Қарағанды облысындағы қаңырап қалған аудан қайта қалпына келеді
Фото: ашық дереккөзден
Қарағанды қаласында тәулігіне 10 мыңға дейін қорғаныш респираторын шығаратын цех іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бір ерекшелігі, ондағы қызметкерлердің тең жартысы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Олар өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайды. Алдағы уақытта айлық өнімді 1 млн-ға жеткізу жоспары бар. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады.
Тауарды патенттеп те үлгерген. Қытайдың осыған ұқсас қорғаныш заттарынан гөрі Қарағандыда жасалған респираторлар әлдеқайда сапалы.
Тек ғимараттың тарлығы қолбайлау болып отыр. Ал басшылық алдағы уақытта ерекше жандардың қолынан шыққан респираторлардың бір тобын парламент депутаттарына тегін жолдамақ.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады