$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.01.2021, 04:25
Жаңалықтар

Алматыда екі тәулікте 60-қа жуық нысан карантин талаптарын бұзған

Аралау барысында 370 нысан тексерілді

Алматыда екі тәулікте 60-қа жуық нысан карантин талаптарын бұзған
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мониторингтік топтардың жұмысын күшейтілді. екі тәулік ішінде 58 кәсіпкерлік нысанында карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты.

Аралау барысында 370 нысан тексерілді. 58 нысаннан карантин талаптарын бұзушылық анықталды.

Барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін берілді. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға  жауапкершілік ретінде ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары