ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде кей жерлерінде 35 градус қатты аяз болады. 

Түркістан облысында кей жерлерінде тұман болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысында 28-33, кей жерлерде 40 градус аяз күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман болады.