Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып берді
Ол Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы, қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау. Ақмола облысының сиыр және құс етін, сүт және басқа да өнімдерді өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.
Осы орайда ол әрбір өндірушімен делдалсыз ынтымақтаса отырып, әкімшілік кедергілер жойылатынын жеткізді.
«Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығының және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», - деді А. Көлгінов.