Қазақстандағы колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады

Қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін 2 колония жабылды

Қазақстандағы колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады
Фото: polisia.kz

Қазақстандағы колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-нің Алқа отырысында ҚАЖ мекемелерінде көзге түспей тұратын аймақтар болмауы тиіс екенін айтты. Бүгінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тиісті тәртіп қамтамасыз етілген.

Қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін 2 колония жабылды. Сотталғандарды ұстау жағдайлары жақсартылды: туыстарымен бейне-қоңырау арқылы сөйлесу, интернет-дүкендерден жекелеген тауарларға тапсырыстар беру енгізілді, сәлемдемелердің салмағы көбейтіліп, телефон арқылы сөйлесудің уақыты ұзартылды. Басқа инстанцияларға электрондық өтініштер беру үшін терминалдар орнатылған.

Сотталғандардың еңбекпен қамтылу көрсеткіші 43%-дан 48%-ға дейін жақсарды, 11,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Алайда, ІІМ басшысының пікірінше, бұл жеткіліксіз. Бұл мәселені шешу жолдарын түбегейлі өзгерту талап етіледі. Атап айтсақ, ведомствода ҚАЖ мекемелерінің аумағында өнеркәсіптік аймақтарды, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы дамыту мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.