23.01.2021, 22:53
Жаңалықтар
Танымал тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды
Ол 87 жасында көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Танымал тележүргізуші Ларри Кинг 87 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі журналистің Twitter-дегі ресми аккаунтына сілтеме жасап.
Кинг Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болған. Кингтің неден қайтыс болғаны хабарланбады. Дегенмен, жақында одан коронавирус анықталған еді. Сонымен қатар оның жүрегі ауыратын. 1987 жылы жәнк 2019 жылдары оның жүрек талмасы ұстаған.
Тележүргізуші 1985-2010 жылдар аралығында жүргізген «Larry King Live» шоуымен танымал. Ол елу мыңнан астам саясаткерден, актерден, спортшыдан және басқа да танымал адамдардан сұхбат алған.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 16:20
Шығын – 4,1 млрд теңге: Астанада Mardan тұрғын үй кешеніне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
22.09.2026, 23:19
Астанада жаппай төбелеске қатысқандар қамауға алынып, айыппұл төледі