$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2021, 00:50
Жаңалықтар

Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірнеше жол жабылды

Өңір полицейлері тәулік бойы кезешілік ұйымдастырды

Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірнеше жол жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Әсіресе Ордабасы ауданы аумағындағы «Түркістан-Шымкент» тас жолының айналма жолы жабылып, көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ордабасы АПБ жеке құрамының күшімен жолдарды тазарту және жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда автокөліктің барлық түрлері үшін А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар а/ж 654 шақырымында, Түлкібас ауданының Машат ауылы тұсында жол жабылған.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар ШҚ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымындағы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылған.

Бәйдібек ауданындағы ШҚ - 1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелген.

Өңір полицейлері тәулік бойы кезешілік ұйымдастырып, жолда қалған көліктер мен жолаушыларға қол ұшын созуда.

Серіктес жаңалықтары