ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Нұр-Сұлтанда автобустардағы SMS төлем тоқтатылады

Қазір автобуста жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады

Фото: баспасөз қызметінен

SMS төлем сервисін өшіру бойынша тасымалдаушылармен және байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір автобуста жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады: 

- көлік картасын валидациялау;

- 2505 қысқа нөміріне SMS жіберу;

- QR-код сканерлеу;

- мобильдік қосымшада көлік кодын енгізу.

«Transcard.kz сайтында атаулы жеңілдігі бар көлік картасына тапсырыс беруге болады. Үйге дейін жеткізу қызметі қолжетімді. Атаулы емес көлік картасын кез келген RTVM автоматынан, біздің кассаларымыздан, лезде толықтыру пункттерінен сатып алуға болады. Мекен жайлары жеке парақшамыздағы өзекті жаңалықтар бөлімінде немесе Transcard.kz сайтында бар», - делінген хабарламада.

SMS арқылы төлем үшін барлық байланыс операторлары қолжетімді. QR-код көмегімен немесе көлік кодын енгізу арқылы келесі қосымшалармен төлем жасауға болады:

▪️SMSBUS;

▪️Homebank;

▪️OYBY;

▪️SENIM;

▪️Plus24;

▪️My Beeline;

▪️Kaspi.kz;

▪️Astrabus;

▪️My Activ;

▪️Рахмет.

«SMS төлем сервисін өшіру бойынша тасымалдаушылармен және байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. Байланыстың жиі болмауы тасымалдаушыларға үлкен шығын келтіреді және жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады. SMS төлемді өшіру туралы шешім қабылданған кезде алдын ала хабарлаймыз», - деп атап өтті City Transportation Systems баспасөз қызметі.