ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Жанар Бектаева бұған дейін Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы болды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Жанар Бектаева тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003-2006 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының «Экономика және бизнес» факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында кафедра оқытушысы болып бастаған.

2006-2013 жылдары аралығында ОҚО Ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, 2013-2014 жылдары ОҚО Ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

2015-2016 жылдар аралығында ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2016-2018 ОҚО Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2019 жылдың қаңтар айынан Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары қызметінде болған.

Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылғы 22 тамыздағы өкімімен Шымкент қаласының Ішкі саясат және дін істері басқарма басшысы лауазымына тағайындалды. Аталған басқарма 2020 жылғы қыркүйектен бастап Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды.