Бейжіңде коронавирустың «британдық» штаммы анықталды

Қытайда осы кезге дейін 88 мыңнан астам адам COVID-19 вирусын жұқтырды

Бейжіңде коронавирустың «британдық» штаммы анықталды

Қытай мамандары Пекинде екі адамнан коронавирустың «британдық» штамын анықтады. Бұл туралы сәрсенбіде өткен брифингте Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы басшысының орынбасары Пан Синхо мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Қытайдың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы екі жұқтырған адамда мутация нәтижесінде пайда болған «британдық» коронавирус штаммы анықталғанын растады. Инфекцияның бастапқы көзі шетелден келді», - деді ол.

Қытай астанасындағы медициналық мекемелерде барлығы 40-қа жуық вирус жұқтырған, сонымен қатар, бірнеше асимптоматикалық тасымалдаушылар бар. Соңғы тәулікте билік қалада инфекцияның жеті жаңа жағдайын анықтады, олардың алтауы Дасин ауданында тіркелді. Қала үкіметі бұл аймақтың тұрғындарына Бейжіңнен кетуге тыйым салды.

Пекиннің ең ірі халықаралық әуежайы орналасқан Дасин аумағында барлық сауда орталықтары уақытша жабылды. Сонымен қатар, билік өткен жылдың 10 желтоқсанынан кейін Бейжіңге шетелден немесе Қытайдың басқа аймақтарынан келген барлық адамдарды коронавирусқа тексереді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.