$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2021, 09:38
Жаңалықтар

Алматы облысының соты 2 ақпанға дейін карантинге жабылды

Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне ауыса отырып, толығымен тоқтатылды

Алматы облысының соты 2 ақпанға дейін карантинге жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының соты 20 қаңтардан 2 ақпанға дейін карантинге жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы соттың Facebook -тегі парақшасында жазылды. 

«Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы «Алматы облыстық соты» РММ ғимаратында және аумағында карантиндік шаралар енгізу туралы» қаулысымен облыстық сот және оның аумағында 2021 жылдың 20 қаңтарынан 2 ақпанына дейін карантиндік шаралар енгізілді»,-делінген хабарламада.

Қаулы талаптарына сәйкес:

  • Соттың жұмысы қашықтан жұмыс режиміне толық ауыса отырып, толығымен тоқтатылады;
  • Сот ғимаратына СЭҚ қызметкерлерінен басқаларының келуіне қатаң тыйым салынады;
  • Осы мерзімде қарауға тағайындалған істер кейінірек мерзімге ауыстырылады, тағайындалған күні мен уақыты туралы ақпарат қатысушыларға қосымша жолданады;

«Қылмыстық процессуалдық кодекстің 107-бабына сәйкес келіп түскен материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан қарайды»,-деді Алматы облысы бойынша соттар Әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Е.Айтжанов.

Серіктес жаңалықтары