ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

2020 жылы «Талдықорған-Өскемен» автожолының 384 шақырымы пайдалануға беріледі

Министрліктің хабарлауынша, 2020 жылы еліміздегі жолдардың 5917 шақырымы ақылы болады. 2025 жылға қарай ақылы жолдардың ұзындығы 11,7 мың шақырға жетеді

«Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды жалғасытру аясында 2020 және 2026 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, оның 1373 шақырымында қозғалыс келесі жылы ашылмақ», - деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Осы ретте «Орталық-Оңтүстік» бағыты бойынша жолдың 311 шақырымы, «Петропавл-Қорған» тасжолының 37 шақырымы, «Орталық-Шығыс» жобасы бойынша жолдың 13 шақырымы, «Қостанай-Денисовка» автожолының 65 шақырымы, «Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» тасжолының 160 шақырымы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, келесі жылы «Атырау-Астрахань» бағыты бойынша жолдың 60 шақырымында, «Осинов асуы» жобасы бойынша жолдың 32 шақырымында, «Талдықорған-Өскемен» автомобиль жолының 384 шақырымында, «Ұзынағаш-Отар» жолының 96 шақырымында көлік қозғалысы ашық болады. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес «Үшарал-Достық» тасжолының 60 шақырымы, «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 155 шақырымы пайдалануға берілмек.

Тегтер: