$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2021, 12:12
Жаңалықтар

Қостанай облысында бірқатар шектеулер енгізілді

Өңірдің «қызыл» аймаққа енуіне байланысты карантин талаптары күшейтілді

Қостанай облысында бірқатар шектеулер енгізілді
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында діни нысандардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір басышысы Архимед Мұхамбетов мәлімделді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыс әкімі өңірдің «қызыл» аймаққа енуіне байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес карантин талаптарының күшейтілгенін айтты.

«Карантин талаптары 2 апта мерзімге күшейтілді. Діни нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды. Қоғамдық тамақтандыру нысандары және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақыты бойынша шектелді. Сенбі және жексенбі күндері ауданы 2 мыңнан асатын базарлардың, СПА орталықтардың, спорт нысандарының қызметі мен қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылды», - деді Архимед Мұхамбетов.

Сонымен қатар, өңір басшысы аймақтағы мобильдік топтардың жұмыстарын да баяндады. 

 «Жыл басынан бері 942 рейд жүргізілді.Нәтижесінде 2 823 нысан тексерілді. 26 заңбұзушылық анықталды. Аталған фактілер бойынша 29 млн 200 мың теңгеге 26 әкімшілік айыппұл салынды. Дәріханаларды дәрілік  препараттармен қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қоры 538 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы жаппай вакциналауға дайындық жүріп жатыр. 71 бірлік медициналық мақсаттағы мұздатқыш, камералар сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды. Бірінші партияны жеткізу жұмысы 10 ақпанда басталады», - деді облыс әкімі.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары