Алик Шпекбаевтың кеңесшісі тағайындалды
Агенттік төрағасының кеңесшісі лауазымына Жазира Жылқышиева тағайындалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен төраға кеңесшісі лауазымына Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева тағайындалды.
Бұл лауазымға дейін Жазира Жылқышиева агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.
«Жазира Жылқышиеваның мемлекеттік басқару органдарында тәжірибесі мол. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат басқармаларында, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшысы лауазымдарын атқарды», - делінген агенттік хабарламасында.
Ол «Құрмет» орденімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» ведомстволық және бірнеше мерейтойлық медальмен марапатталған.