19.01.2021, 02:15
Жаңалықтар
Өскемен қаласының жаңа логотипі әзірленді
Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген
Фото: баспасөз қызметінен
Өскеменнің жаңа логотипі әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазақстанның қалаларында елтаңба мен басқа да геральдикалық символдардың болуы қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған. Дегенмен қарапайым, заманауи және де көркемдік мағынасы бар бірыңғай символика туристік тартымдылық пен жалпы қаланың имиджін қалыптастыруға септігін тигеді.
«Осыны ескере отырып, тиісті мамандарды тарту арқылы ресми іс-шаралар мен құжаттарда, сондай-ақ, кәдесый және басқа да атрибутиканы брендтеуде қолданылатын логотип әзірленді. Логотипте Алтай таулары мен Үлбі өзенінің Ертіске құяр сағасы бейнеленген», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы