$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 21:28
Жаңалықтар

СҚО-да шектеу шаралары күшейтілді

Бас санитар дәрігердің қаулысы өзгерді

СҚО-да шектеу шаралары күшейтілді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойып, өңірде шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

СҚО бас мемлекеттік санитария дәрігері Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес енді:

1) ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, мерейтойлық іс-шараларды, соның ішінде үйде басқа да іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;

2) сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмыс кестесін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі және сенбі мен жексенбі күндері (тамақ өнімдерін сатуға арналған дүкендерден, дәріханалардан, сұлулық салондарынан, шаштараздардан, кинотеатрлардан басқасы) қызметі тоқтатылады;

3) ауданы 500 м2-ден асатын азық-түлік емес дүкендердің (құрылыс дүкендерін қоспағанда) жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеліп, сенбі мен жексенбіде жабылады;

4) жабық киім базарларының, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жабық базарларының, жабық құрылыс базарларының жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін шектеп, сенбі мен жексенбіде қызметі тоқтатылады;

5) фитнес, жаттығу залдардың (орталықтардың) жобалық қуатының 30 %-нен және алдын-ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес), 50 адамнан асырмай қызметі шектеледі және сенбі мен жексенбіде жұмысы тоқтатылады;

6) сенбі мен жексенбіде қызметін тоқтата отырып, бассейндердің жұмысы шектеледі (жекелеген форматта, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. су бетіне негізделген, сыйымдылығы 50 адамнан аспайды);

7) спорт ғимараттары дүйсенбі-жұма аралығында жобалық қуатының 30 %-нен және 50 адамнан аспай (5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін) жұмыс істейді, бірақ сенбі мен жексенбіде жұмысын тоқтатады;

8) қоғамдық моншалар, сауналардың жұмыс режимі сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, сыйымдылығын 50 %-тен және 50 адамнан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат, алайда сауналар сенбі-жексенбі күні жабылады;

9) қоғамдық көлік қызметін сағат 6.30-дан 22.00-ге дейін шектеледі, сенбі мен жексенбіде (елді мекендер ішінде, оның ішінде қала маңы маршруттары) жұмысын тоқтатады;

10) қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі, жексенбі күні қызметі тоқталады, дайын тамақты жексенбіден басқа күндері сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін жеткізуге рұқсат.

Жаңа қаулы 21 қаңтар сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары