ШұғылЕлімізде бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Ұлттық кеңес құрамынан үш адам шығарылды

Сенім кеңесі құрамында ротация жасалды

Асылбек Қожахметов, Шыңғыс Мұқан және Ермек Тұрсынов

Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Асқар Омаров, «ADAL» партиясы саяси кеңесінің мүшесі - хатшысы Эльдар Жұмағазиев, StopFake.kz жобасының жетекшісі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов, Ақтөбе қаласындағы «Тандем» телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева, «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа, «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесинова тартылды.

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Асылбек Қожахметов, Шыңғыс Мұқан және Ермек Тұрсынов шығарылды.

Ұлттық кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру шеңберінде 10 заң қабылданды және тағы 7 заң қарастырылуда.

Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде.