Алматыда модульді ауруханаға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Ауруханада 280 орын бар, оның 28-і жансақтау бөліміне арналған

Алматыда модульді ауруханаға бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Алматыдағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты.

«Департамент 2021 жылдың 16 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын азайту шараларын күшейту үшін 280 төсек-орындық модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша №217500131000008 сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі іске қатысты мәліметтерді жария етуге болмайды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 18 күнде салынған аурухана ғимараты 280 орынға, оның 28-і жансақтау бөліміне арналған. Жалпы ауданы 5850 шаршы метрді құрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.