18.01.2021, 16:18
Жаңалықтар
Мәжілістің экс-депутаты жаңа қызметке сайланды
Ол QazIndustry орталығында өнеркәсіптік даму мәселелеріне жетекшілік етеді
Марат Бопазов, фото: parlam.kz
«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (QazIndustry) директорлар кеңесінің шешімімен орталықтың басқарма төрағасының орынбасары болып Марат Дәрібекұлы Бопазов сайланды. Ол QazIndustry орталығында өнеркәсіптік даму мәселелеріне жетекшілік етеді.
Марат Бопазов бұған дейін Мәжіліс депутаты, сондай-ақ Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болған.
Әр жылдары Семей және Талқорған қалаларында қызмет атқарған. 1999 жылдың қарашасынан 2016 жылдың наурызына дейін Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.
2016 жылғы 24 наурыздан бастап VI сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды