$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 11:40
Жаңалықтар

Балаларға жыныстық зорлық көрсеткендер үшін жаза қатаңдатылды

ІІМ Қылмыстық кодекстің кейбір баптарына өзгерістер енгізілгенін хабарлады

Балаларға жыныстық зорлық көрсеткендер үшін жаза қатаңдатылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Сол себепті кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап бұл өзгерістер заңды күшіне енді. Осылайша, балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың кез келген түріне жауапкершілік қатаңдатылды.  Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін санкциялар күшейтілді. Нақты айтқанда, Қылмыстық кодекстің 120-бабы «зорлау» қылмысы бойынша қылмыстық топ құрамында әрекет жасағандар үшін жазаның төменгі шегі – 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзіміне көбейтілді», - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің «зорлық» қылмысын жасағаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша жаза 12 мен 17 жылға дейін бекітілетін. Осы сипатты өзгерістер Қылмыстық кодекстің 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарына енгізілді.

Айта кетерлігі, 2021 жыл басталғалы бері 18 күн ішінде 6 484 қылмыс жасалды, оның 4 321-і тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 4 қарақшылықты, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Нұрділдә Ораз.

Серіктес жаңалықтары