«Серік-голова» 19 жылға сотталды
Айыпталушы жазасының 14 жылын ҚАЖ төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді
Алматыда «Серік-голова» деген лақап атпен танымал қылмыскер Серік Жаманаев 19 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Серік Жаманаев кінәлі деп танылып, 1,75 миллион теңгесі, 6 мың доллары және қымбат автокөлігі тәркіленіп 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкіміне сәйкес, «Серік-голова» 14 жыл қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде отырады. Содан кейін жазасын 5 жыл толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелері де сотталды:
Балабеков Рустам кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әрекеті де қауіпті рецидив деп танылып, жазаны өтеу орны ретінде ерекше қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі белгіленді.
Асматулаев Азизжан максималды қауіпсіздік режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Данияр Тәжібаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді. Джетенов максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Илья Таранов пен Олег Аква болса, максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Аладинов - максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Назим Мамедов максималды қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.