$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2021, 16:45
Жаңалықтар

Қарамағындағы қызметкердің жемқорлық қылмысы тағы 14 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін

Отставканы қыбалдау-қабылдамауды Мемлекет басшысы шешеді

Қарамағындағы қызметкердің жемқорлық қылмысы тағы 14 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін
көрнекі фото

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі мүмкін 14 шенеунік туралы айтты.

«Жауапкерлігі бойынша мониторингте тұрған 14-і, заң талабына сәйкес, егер олар саяси қызметшілер болса, басшылары отставкаға кету керек. Міндетті түрде. Ал Мемлекет басшысы отставканы қыбалдау-қабылдамауды өзі шешеді», - деді агенттік төрағасы.

Еске сала кетейік, отставкаға кетуі мүмкін 14 саяси қызметкер туралы Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов 2020 жылдың қазан айында мәлімдеген еді. Сонда департамент басшысы 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары