$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2021, 14:50
Жаңалықтар

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

Жақында экс-басшыға қатысты іс сотқа жолданады

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды
Фото: sk-pharmacy.kz

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қазірдің өзінде іспен танысып жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады. Тергеу аяқталды», - деді агенттік басшысы.

2020 жылдың 14 тамызында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі айға қамауға алынды.

Берік Шәріп тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор компания басшылығына 2020 жылдың 21 сәуірінде келді. Бұған дейін «СҚ-Фармация» басқарма төрағасының міндетін атқарған.

2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары