$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2021, 15:35
Жаңалықтар

Британдық ғалымдар әлеуметтік қашықтықты 3 метрге дейін арттыруды ұсынды

Елде коронавирус қайта өршіп, өлім-жітім көбейді

Британдық ғалымдар әлеуметтік қашықтықты 3 метрге дейін арттыруды ұсынды
көрнекі фото: euronews

Ұлыбританияның SAGE ғылыми-кеңес беру тобының жетекші мүшелері пандемияға байланысты әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден 3 және одан да ұзағырақ қашықтыққа жеткізетін уақыт келді деп есептейді. Сондай-ақ олар өткен жылдың наурызындағыдан да қатаңырақ локдаун енгізу керек деп санайды.

Елдің денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок «билік қажет болған жағдайда карантинді одан әрі күшейту мүмкіндігін жоққа шығармайтынын» мәлімдеді.

Мұндай пікір елде дүйсенбі күні коронавирустан тағы да 529 адамның қайтыс болуынан туындыған. Өлім-жітім өткен аптамен салыстырғанда 30 пайызға көп, пандемия басталғалы қаза тапқандар саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.

«Адамдардың көбі ашық ауада жаттығуға берілген рұқсатты достарымен кездесу мүмкіндігі ретінде пайдаланады, қазір мұндайға мүлдем жол берілмеуі тиіс», - дейді ел билігіндегілер.

Соңғы бір аптада Ұлыбританияда орташа есеппен 931 адам қайтыс болған. Оған дейін апталық өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші – 920 адам коронавирустың бірінші толқыны кезінде (сәуірде) тіркелген.

Серіктес жаңалықтары