ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Елбасы Сыртқы істер министрін қабылдады

Министр одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай туралы баяндады

Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады. МинистКездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев құрметті төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді.

Елбасыға одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына төрағалық ету кезеңінде атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.