ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде тқман түсіп, жаяу бұрқасын болады

Фото: ашық дереккөзден

Сәрсенбі, яғни 13 қаңтар күні еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.   

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі – 85-90%.

Түркістан облысының тауларында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 м/с болады, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асады.