12.01.2021, 14:52
Жаңалықтар
«Ақ жол» партиясы атынан Мәжіліске баратын депутаттардың тізімі шықты
Мәжіліс депутаты мандатын иеленген 12 кандидаттың тізімі жарияланды
көрнекі фото
Бүгін «Ақ жол» партиясы орталық кеңесінің пленумы өтіп, онда Мәжілістің VII шақырылымына баратын депутаттарға мандат бөлінді. Партия пленумында бірауыз шешімімен төмендегі кандидаттар Мәжіліс депутаты мандатын иеленді:
- Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
- Әбілдаев Азамат Рахатұлы
- Барлыбаев Ерлан Хайланұлы
- Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы
- Ерубаев Серік Сәрсенұлы
- Еспаева Дәния Мәдиқызы
- Жұмабаева Айгүл Қызырқызы
- Иса Қазыбек Жарылқасынұлы
- Линник Андрей Григорьевич
- Өмірғали Ерлік Хайдарұлы
- Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы
- Сембинов Азат Талғатұлы
Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың ақырғы қорытындысын жариялап, Мәжіліске сайлаушылардың ең көп даусын жинаған үш партия өтті.
Мәжілістегі депутаттық мандат: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясы - 10 мандат. Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Мәжіліске сайланған тоғыз депутат бар.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
16.12.2025, 17:05
Қар және көктайғақ: 17 желтоқсанда ауа райы қандай болады
16.12.2025, 14:10
ІІМ Қазақстандағы алаяқтықтың ең көп тараған түрлерін атады
16.12.2025, 21:20
Димаш Құдайбергеннің қарындасының видеосы желіде қызу талқыланды
Бүгін, 07:22
«Иістеніп кеткен»: Атырау тұрғыны туысының қайтыс болғанын 3 аптадан кейін бір-ақ білген
16.12.2025, 18:09
Қазақстанда іздеуде жүрген 12 адам ұсталды
16.12.2025, 08:21
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Редактордың таңдауы
12.12.2025, 16:11
Алматыда 85 жастағы қария мен 80 жастағы кейуана ресми түрде некелесті