11.01.2021, 14:22
Жаңалықтар
Қытай ДДСҰ сарапшыларына COVID-19 инфекциясына қатысты тергеу жүргізуге рұқсат берді
Мамандар 14 желтоқсанда індеттің шығу себебін зерттеу үшін Қытайға барады
көрнекі фото: reuters
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылар тобы Коронавирустың пайда болу себебін анықтау мақсатында 14 қаңтарда Қытайға барады. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Бастапқыда ДДСҰ сарапшылары Қытайға қаңтар айының басында баруы керек еді. Алайда, Пекин тиісті рұқсат беру процесін кешіктірген.
ДДСҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, пандемия басталғалы әлемде 88 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, салдарынан 2 миллионға жуық адам қайтыс болған.
Еске сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласы COVID-19 инфекциясының ошағы болып саналады. Қауіпті инфекция Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де тарап кетті.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
