10.01.2021, 16:20
Жаңалықтар
Сайлауда дауыс беру белсенділігі бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр
ОСК мәліметі бойынша, Қазақстанда тізімге енген сайлаушылардың 52,5 пайызы таңдау жасап үлгерді
көрнекі фото
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафинаның айтуынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша елімізде тізімге енген сайлаушылардың 52,5 пайызы таңдау жасаған.
Сағат 16:00-ге дейін өңірлерде дауыс беруге келген азаматтардың пайыздық үлесі төмендегідей:
- Ақмола облысы бойынша – 56,9%
- Ақтөбе облысы бойынша – 45,6%
- Алматы облысы бойынша – 58,0%
- Атырау облысы бойынша – 45,6%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 53,5%
- Жамбыл облысы бойынша – 63,4%
- Қарағанды облысы бойынша – 58,8%
- Қостанай облысы бойынша – 62,4%
- Қызылорда облысы бойынша – 60,9%
- Маңғыстау облысы бойынша – 43,3%
- Павлодар облысы бойынша – 57,8%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 62,4%
- Түркістан облысы бойынша – 53,6%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 62,0%
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 41,1%
- Алматы қаласы бойынша – 25,3%
- Шымкент қаласы бойынша – 49,2%
Сайлау учаскесіне қанша дауыс беруші келгені туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де және 20:00-де ұсынылады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар қатысты алдын ала қорытынды ақпарат сағат 22:00-де ұсынылады.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды