ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Қазіргі уақытта Алматыда 109 мыңнан астам адам дауыс берді — аумақтық сайлау комиссиясы

Мегаполисте сайлаушылар тізімінде 1 млн 132 мыңнан астам адам бар

Фото: Марат Қалдыбаев

Алматы қаласының сайлау учаскелеріндегі ағымдағы жағдай туралы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласында сайлау өтіп жатыр. Асанованың айтуынша, сайлаушылар тізімінде 1 132 232 адам бар. Қазіргі уақытта, сағат 10.45-те 109 мыңнан астам адам дауыс берді.

«Бұл ретте кейбір жағдайлар шұғыл түрде шешілуде. Негізінде, айтарлықтай заң бұзушылықтар болған жоқ. Барлық даулы мәселелер сайлау учаскелері шеңберінде шешіледі», - деді Жанна асангова.  

Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, жағдай тұрақты. Дауыс беру кезінде сайлау процесіне қатысушылар арасында ұсақ-түйек түсініспеушіліктердің болуы қалыпты жағдай.

«Мұның бәрі жұмыс тәртібімен шешіледі. Қазіргі уақытта заңнамаларды өрескел бұзу немесе қандай да бір жағдайлар туралы айта алмаймыз. Өйткені бәрі қалыпты жағдайда жүріп жатыр», — деп атап өтті Асанова.