Украинада қатаң карантин енгізілді
Локдаун 24 қаңтарға дейін жалғасады
Украинада бүгіннен бастап COVID-19 таралу қаупіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді.
Коронавирусты жұқтырғандардың жартысын азайтуға бағытталған карантиндік шектеулер 24 қаңтарға дейін қолданылады.
Сонымен қатар, ел Үкіметі 28 ақпанға дейін жалпыұлттық карантин мен төтенше жағдайды ұзартты.
ДДСҰ Украина Үкіметінің шараларын сынға алды. Киевтің шешімі азаматтардың әл-ауқатына, сондай-ақ, олардың медицина мен оқуға қолжетімділігіне теріс әсер етуі мүмкін деген болжам бар.
Сарапшылар, өз кезегінде, қатаң шаралар Ұлттық экономика үшін жағымсыз салдарға әкеп соқтырмайтынына сенімді.
Қатаң локдаун мектептер мен жоғары оқу орындарын жабуды көздейді, алайда балабақшалар жұмысы жалғасады. Бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сонымен қатар, ойын-сауық, мәдениет мекемелерінің жұмысына толық тыйым салынады.